«Балбұлақ» бөбекжайы» КМҚК - ны жайлы қысқаша мәлімет
«Балбұлақ» бөбекжайы» КМҚК - ны ең алғаш 27.10.2010 жылы №16/01 қаулысымен «Балбұлақ» балабақшасы болып құрылып, қолданысқа берілген болатын. Бөбекжайымызда 9 педагог, оның 1 декреттік демалыста, 17 кіші қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар екі «Балапан» және «Балдырған» аралас тобы бар. Қазіргі таңда 32 бүлдіршін тәрбиеленуде, оның ішінде 1 бала ерекше білімді қажет ететін бала. Олармен тәрбиешілер, психолог жұмыс жасайды. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығын. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді.), «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығын басшылыққа аламыз. Бөбекжайымыздың жемісті жұмыстардың көрсеткіштерінің бірі балаларды мектепке сапалы дайындау болып табылатындықтан білім беруге жүргізілетін мониторинг тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан - жақты дамыту мына бағыттар бойынша: Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс - әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

