#жыл-қорытындысы🗓️
Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. Жүсіп Баласағұн
📎 «Балбұлақ» бөбекжайында 9 педагог, сонымен қатар 1 жас маманмен толықтырылды. Тәрбиенушілер саны 32. Маман тапшылығы жоқ.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда “Заттық-кеңістіктік орта” көрсеткіші бойынша білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және дамыту.
📎”Балбұлақ” бөбекжайында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында “Әкем, анам және мен” спорттық жарыс өтті.
📎8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Адамзаттың асылы - Ана” атты ертеңгілігіміз өтті.
📎Ата-аналармен “Ертегі кейіпкерлері арқылы баланы дамыту” тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
📎26 мамыр күні ауылымыздың мәдениет үйінде “Қош бол, балабақша” атты бөбекжаймен қоштасу кеші ұйымдастырылды.
📎”Балбұлақ” бөбекжайының білікті тәрбиешісі Исмайлова Салтанат Ивантаевна Құрмет грамотасымен марапатталды.
📎Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен “Балбұлақ” бөбекжайының меңгерушісі Ақпанова Айнагүл Рымқажықызы марапатталды.
📎Мекемемізде “Мобильді топ”, “Қамқоршылық кеңес”, “Консультациялық пункт” ұйымдары ашылды. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
📎”Мектепке дейінгі ұйымдарда тәриелеу мен оқытудың сапасын арттыру” тақырыбында облыстық семинар болды. Семинарда “Балбұлақ” бөбекжайын серіктес бөбекжай “Балбөбек” бөбекжайына тағайындады.
📎Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік тұғырым” атты ертеңгілік өткізілді.